БІЛУ. ТҮСІНУ. ҚОЛДАНУ.
Германия-Қазақстан Заңгерлерінің Қауымдастығы
DKJ / ГҚЗҚ
Біз туралы
Біздің мақсаттарымыз
Біз германиялық және қазақстандық құқық бойынша өзара тәжірибе алмасу форумын ұсынамыз. Осындай тәжірибе алмасу арқылы Қазақстандағы және Германиядағы қолданыстағы құқықты жетілдіруге, сондай-ақ қос құқықтық жүйені кемелдендіре түсуге көмек көрсеткіміз келеді. Біз қос елдің заңгерлері мен құқыққа қызығатын тұлғаларының арасындағы диалогқа мұрындық болуға, сондай-ақ салыстырмалы-құқықтық жұмыстарды ынталандыруға және қолдауға ұмтыламыз.
Кімдерге арналған
Қазақстан және Германияның барлық заңгерлері мен құқыққа қызығатын тұлғаларын (адвокаттар, судьялар, прокурорлар, кәсіпорындардағы заң кеңесшілері, студенттер, заңгер ғалымдарды), сондай-ақ мекемелерін (университеттерді, ғылыми-зерттеу мекемелерін, мемлекеттік билік органдарын, қауымдастықтарды) осы Қауымдастықтың белсенді мүшелері болуға және Германия-Қазақстан Заңгерлері Қауымдастығының мақсаттарына қол жеткізуге қатысуға шақырамыз. Қауымдастықтың мүшелігі тек осы елдердің тұлғаларына ғана емес, сонымен бірге осы қос елдің құқығы жайлы білгісі келетін барлық тұлғаларға ашық.
Біздің істейтініміз
Германия-Қазақстан Заңгерлерінің Қауымдастығы неміс және қазақстандық заңнама, қос елдің құқықтық қатынастарына қатысты сауалдар, сондай-ақ салыстырмалы құқықтану бойынша ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар ұйымдастырады. Қос елдің құқықтық жүйесі және сот практикасы жайлы білім көкжиегін кеңейту, сондай-ақ оларды кемелдендіру мақсаттарында заңгерлер мен қоғамның қызығушылық танытқан өкілдеріне қос және көп тарапты талқылаулар, конференциялар мен семинарлар ұйымдастырады. Қос ел заңгерлерінің ынтымақтастығын ынталандыру мақсатында ғылыми және тәжірибелік баяндамалар жарияланады. Сондай-ақ ғылыми жұмыстарға қолдау көрсетіледі. Сонымен бірге, заң жобаларына қатысты ынтымақтастыққа де қолдау білдіріледі. Қауымдастық мүшелері идеялармен алмасу үшін аймақтық топтарда жүйелі кездесулер өткізіп тұратын болады.
ҚАЗІРГІ
Неміс құқығының күндері
5 — 9 маусым 2023 ж.
Онда Сіздің мына іс-шараны жіберіп алмағаныңыз жөн: Мақсұт Нәрікбаев атындағы Университеттегі (КАЗГЮУ) неміс құқығының күндері (Астана қ-сы).
Қатысу нысаны: онлайн немесе офлайн.
Ұйымдастырушылар: GIZ, IRZ, DAAD және Неміс-қазақстандық заңгерлердің қауымдастығымен бірлесе отырып Мақсұт Нәрікбаев атындағы Университеттің (КАЗГЮУ) әкімшілік және неміс құқығы ғылыми мектебі
Іс-шара аясында Сіз неміс құқығы жайлы көптеген қызықты мағлұматтардан хабардар боласыз. Танымал неміс заңгерлері мен ғалымдары неміс құқығының жекелеген салалары бойынша шолуларды қатысушылар назарына ұсынады және қатысушыларды толғандырған сұрақтарға қуана жауап береді.
Егер қатысуға ынталы болсаңыз – тіркеліңіз!
Жауапты тұлға:
Михаэль Вильдинг, ғылым магистрі
m_wilding@kazguu.kz