БІЛУ. ТҮСІНУ. ҚОЛДАНУ.
Германия-Қазақстан Заңгерлерінің Қауымдастығы
DKJ / ГҚЗҚ
Біз туралы
Біздің мақсаттарымыз
Біз германиялық және қазақстандық құқық бойынша өзара тәжірибе алмасу форумын ұсынамыз. Осындай тәжірибе алмасу арқылы Қазақстандағы және Германиядағы қолданыстағы құқықты жетілдіруге, сондай-ақ қос құқықтық жүйені кемелдендіре түсуге көмек көрсеткіміз келеді. Біз қос елдің заңгерлері мен құқыққа қызығатын тұлғаларының арасындағы диалогқа мұрындық болуға, сондай-ақ салыстырмалы-құқықтық жұмыстарды ынталандыруға және қолдауға ұмтыламыз.
Кімдерге арналған
Қазақстан және Германияның барлық заңгерлері мен құқыққа қызығатын тұлғаларын (адвокаттар, судьялар, прокурорлар, кәсіпорындардағы заң кеңесшілері, студенттер, заңгер ғалымдарды), сондай-ақ мекемелерін (университеттерді, ғылыми-зерттеу мекемелерін, мемлекеттік билік органдарын, қауымдастықтарды) осы Қауымдастықтың белсенді мүшелері болуға және Германия-Қазақстан Заңгерлері Қауымдастығының мақсаттарына қол жеткізуге қатысуға шақырамыз. Қауымдастықтың мүшелігі тек осы елдердің тұлғаларына ғана емес, сонымен бірге осы қос елдің құқығы жайлы білгісі келетін барлық тұлғаларға ашық.
Біздің істейтініміз
Германия-Қазақстан Заңгерлерінің Қауымдастығы неміс және қазақстандық заңнама, қос елдің құқықтық қатынастарына қатысты сауалдар, сондай-ақ салыстырмалы құқықтану бойынша ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар ұйымдастырады. Қос елдің құқықтық жүйесі және сот практикасы жайлы білім көкжиегін кеңейту, сондай-ақ оларды кемелдендіру мақсаттарында заңгерлер мен қоғамның қызығушылық танытқан өкілдеріне қос және көп тарапты талқылаулар, конференциялар мен семинарлар ұйымдастырады. Қос ел заңгерлерінің ынтымақтастығын ынталандыру мақсатында ғылыми және тәжірибелік баяндамалар жарияланады. Сондай-ақ ғылыми жұмыстарға қолдау көрсетіледі. Сонымен бірге, заң жобаларына қатысты ынтымақтастыққа де қолдау білдіріледі. Қауымдастық мүшелері идеялармен алмасу үшін аймақтық топтарда жүйелі кездесулер өткізіп тұратын болады.
ҚАЗІРГІ
Неміс жауапкершілігі шектеулі қоғамы (GmbH) мен қазақстандық жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (ЖШС) салыстырмалы-құқықтық талдауы
(1 бөлім, түснұсқа – орыс тілінде)
2 СӘУІР 2026
Бұл салыстырмалы-құқықтық зерттеу (1 Бөлім) неміс жауапкершілігі шектеулі қоғамы (GmbH) мен қазақстандық жауапкершілігі шектеулі серіктестікті салыстыра талдауға арналған. Жұмыста қоғамның құрылу тәртібі, жарғылық капиталға қойылар талап, ұйымдық құрлымы, сондай-ақ қатысушылардың құқықтары мен міндеттері сияқты сауалдардың құқықтық реттелуінің басты қырлары қарастырылады.
Білуімізше, бұл зерттеу аталған ұйымдық құқықтық нысандарды тікелей салыстыра талдауға арналған жүйелі зерттеулердің алғашқыларының бірі болып табылады. Осы арқылы мақала неміс және қазақстандық корпоративтік құқықтың арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын терең ұғына түсуге елеулі үлес қосады және сонымен бірге, екі құқықтық жүйенің арасындағы құқықтық диалогтың дамуына оң ықпал етеді. Қоғамды басқару, қатысушылардың жалпы жиналысы, сондай-ақ тарату сауалдары қаралатын мақаланың 2 бөлімі алдағы үш айда жарық көреді.
Жауапты тұлға:
DKJV e.V.
vorstand.dkj@gmail.com