БІЛУ. ТҮСІНУ. ҚОЛДАНУ.

Германия-Қазақстан Заңгерлерінің Қауымдастығы

DKJ / ГҚЗҚ

Біз туралы

Біздің мақсаттарымыз

Біз германиялық және қазақстандық құқық бойынша өзара тәжірибе алмасу форумын ұсынамыз. Осындай тәжірибе алмасу арқылы Қазақстандағы және Германиядағы қолданыстағы құқықты жетілдіруге, сондай-ақ қос құқықтық жүйені кемелдендіре түсуге көмек көрсеткіміз келеді. Біз қос елдің заңгерлері мен құқыққа қызығатын тұлғаларының арасындағы диалогқа мұрындық болуға, сондай-ақ салыстырмалы-құқықтық жұмыстарды ынталандыруға және қолдауға ұмтыламыз.

Кімдерге арналған

Қазақстан және Германияның барлық заңгерлері мен құқыққа қызығатын тұлғаларын (адвокаттар, судьялар, прокурорлар, кәсіпорындардағы заң кеңесшілері, студенттер, заңгер ғалымдарды), сондай-ақ мекемелерін (университеттерді, ғылыми-зерттеу мекемелерін, мемлекеттік билік органдарын, қауымдастықтарды) осы Қауымдастықтың белсенді мүшелері болуға және Германия-Қазақстан Заңгерлері Қауымдастығының мақсаттарына қол жеткізуге қатысуға шақырамыз. Қауымдастықтың мүшелігі тек осы елдердің тұлғаларына ғана емес, сонымен бірге осы қос елдің құқығы жайлы білгісі келетін барлық тұлғаларға ашық.

Біздің істейтініміз

Германия-Қазақстан Заңгерлерінің Қауымдастығы неміс және қазақстандық заңнама, қос елдің құқықтық қатынастарына қатысты сауалдар, сондай-ақ салыстырмалы құқықтану бойынша ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар ұйымдастырады. Қос елдің құқықтық жүйесі және сот практикасы жайлы білім көкжиегін кеңейту, сондай-ақ оларды кемелдендіру мақсаттарында заңгерлер мен қоғамның қызығушылық танытқан өкілдеріне қос және көп тарапты талқылаулар, конференциялар мен семинарлар ұйымдастырады. Қос ел заңгерлерінің ынтымақтастығын ынталандыру мақсатында ғылыми және тәжірибелік баяндамалар жарияланады. Сондай-ақ ғылыми жұмыстарға қолдау көрсетіледі. Сонымен бірге, заң жобаларына қатысты ынтымақтастыққа де қолдау білдіріледі. Қауымдастық мүшелері идеялармен алмасу үшін аймақтық топтарда жүйелі кездесулер өткізіп тұратын болады.

Біз жайлы

Анна Рихтер, LL.M.

құқық магистрі
Басқарма төрайымы

Анна Рихтер, LL.M/құқық магистрі, Германиядағы адвокат және Қазақстандық дипломы бар заңгер. Кёльн қаласындағы ірі заңгерлік компанияның бірі  «ХОЙКИНГ КЮН ЛЮЭР ВОЙТЕК»-те жұмыс істейді. Маманданатын бағыттары: капитал нарығы; корпоративтік құқық; корпоративтік қаржыландыру, компаниялардың бірігуі мен қосылу сауалдары; сондай-ақ Қазақстан және ТМД-ның өзге елдерімен байланысты халықаралық инвестиция, сауда және қаржылық жобаларға құқықтық қолдау көрсету. Мен үшін «Германия-Қазақстан Заңгерлерінің Қауымдастығы» — Германия мен Қазақстанды байланыстыратын көпірді құру мүмкіндігі, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты нығайту жолы іспеттес.

Михаэль Вильдинг, MSc.

ғылым магистрі
Басқарма төрағасының орынбасары

Михаэль Вильдинг, MSc./ғылым магистрі, Берлин қаласындағы заңгер мамандығына оқыған оқуынан соң Берлиндегі Жоғарғы Аймақтық Сотта тәжірибеден өткен. Бұдан кейін ол Германияның Академиялық Алмасу Қызметінің (DAAD) атынан неміс құқығы бойынша Карл Университетінде (Прага қ-сы), сондай-ақ Эётвёш-Лоранд Университетінде (Будапешт қ-сы) оқытушы болып жұмыс атқарған. 2017 жылдан бері М. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университетінде жұмыс істейді (Астана қ-сы). Құқықтық білімінен тыс, жоғарғы білім беру және ғылымды басқару саласы бойынша магистр дәрежесі бар.

Таня Галандер

Басқарма мүшесі

Таня Галандер – Берлиндегі GvW-де (Graf von Westphalen) адвокат және аймақтық партнер. Бұған дейін 13 жыл бойы Big4 (Үлкен төрттік) Серіктестігінде Russian Desk-ті басқарған. Ол 20 жыл бойы неміс тілді инвесторлардың Ресей, Қазақстан, Беларуссия, Украина және өзге шекаралас елдердегі қызметтеріне қатысты сауалдары бойынша оларға кеңес беріп келуде. Сондай-ақ аталған елдердің инвесторларының Германиядағы қызметтеріне қатысты экономикалық-құқықтық сауалдары бойынша да оларға кеңес берумен айналысты. Таня бүгінге дейін Астана қаласындағы М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университетінде оффлайн және онлайн режимде дәрістер оқып үлгерді. Германия-Қазақстан Заңгерлерінің Қауымдастығындағы қызметі арқылы Таня германиялық-қазақстандық құқықтық диалогтың дамуына және пікір алмасудың жалғасуына үлес қосқысы келеді.

Дженни Цинн

Есепші

Дженни Цинн – негізгі қызмет бағыты мемлекеттік сатып алулар болып табылатын адвокат. Ол Қазақстан, Алматы қаласында дүниеге келген. Халле (германия) және Чунцин (Қытай) қалаларында құқықтық білім алғаннан соң ол өзінің туған қаласы Алматыдағы заңи компаниялардың бірінде құқықтық тәжірибеден өткен. Ол қос ел – Германия мен Қазақстан арасындағы құқықтық әріптестікке, сондай-ақ кәсіби тәжірибе алмасуға қолғабыс жасауға ынталы.

Асқар Қалдыбаев, PhD, LL.M.

заң ғылымдарының кандидаты
Басқарма мүшесі

Асқар Қалдыбаев, PhD, LL.M./заң ғылымдарының кандидаты, Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясының түлегі (Алматы қаласы). «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты (Германия, Бремен қаласы). Жеке құқық саласы бойынша 20 жылдан астам заңгер және оқытушы ретінде жұмыс тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта ол КазГЮУ Университетінде профессордың штаттан тыс көмекшісі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Арбитраж орталығының атқарушы директоры, Talpyn Consulting Company директоры, «Ақиқат» Заңгерлер Коалициясындағы басқарма төрағасы болып табылады. Қазақстан Республикасындағы Жоғарғы Сот Кеңесінің біліктілік комиссиясының мүшесі. Басты маманданатын бағыттары: арбитраждық өндіріс, шарттық құқық, корпоративтік құқық, банкроттық құқық.

Марат Естемиров, PhD

Басқарма мүшесі

Марат Естемиров, PhD, Қазақстандық оқытушы және М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университетінде қызмет етеді. Университетте ол келесідей пәндерді жүргізеді: азаматтық құқық, корпоративтік құқық және банкроттық құқық. Сонымен бірге, ол неміс құқығы мен тіліне үлкен қызығушылық танытады. Ол өз әріптестерімен бірлесе отырып, бірқатар жылдар бойы қазақстандық студенттерге неміс тілінің курстарын ұйымдастырып келуде.

Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек?

Абай Құнанбаев, Қара сөздері

Сауда тек жеке құқықтың дамуындағы ғана емес, сонымен бірге халықаралық құқықтың да қалыптасуындағы қозғаушы күш. Тоқтаусыз алға жылжитын сауда, құқықтың қатаң шектеуші ережелеріне аса сезімтал; ол оны табиғаттың өзі берген еркін қозғалысқа орнатылған тосқауыл іспеттес қабылдап, айналып өтуге ұмтылады... Делдал мәдениеттің алғашқы қолдаушысы болды; материалдық игіліктерді айырбастаумен қатар ол рухани құндылықтарды жеткізіп әлемге жол ашты. Сауда қарқын алған сайын жолдар да ұзара түсті және көп жүрілетін болды, тіпті, қазір танымал әлемнің басым бөлігін жалғастырып жатты.

Рудольф фон Иеринг, Дамудың әралуан кезеңдеріндегі рим құқығының рухы

Уақыт кеңістігіндегі үш алуандық: Ұзақтығы шексіз жалғасқан, Кеңдігі сыйымсыз төгілген, Тереңдігі түпсіз созылған. Орындалғанын қаласаң ісіңнің, Үлгі ал бұдан мейліңше ісіңде. Тоқтаусыз алға, алға ұмтыл; Әлемді танығың келсе, Ой көкжиегін кеңейтіп, оларды қамтисың, Білгің келсе дүниенің мәнін, Тереңге бойла да анықта. Тұрақтылықпен мақсаттарға жетпексің, Кемелдік жеткізер айқындылыққа, Шындық тұрар тереңдегі көмбеде.

Фридрих Шиллер, Конфуций сөздері

Тек мынаны есте ұстаған абзал: жолдың басы бар және биік шыңы болады. Жолдар да біркелкі болмайды. Ойлы-қырлы, соқтықпалы соқпақтылары да кездесуі мүмкін. Поезддарға арналған тіп-тік түзу құрыш жолдар да бар. Олар әрдайым мақсаттарға жетелейді. Алайда, өмір жолы бұған ұқсай бермейді. Күн ілгері оның сені қайда апарып, қайда тоқтататындығын болжау мүмкін емес. Осы тұста күресу қажет және не үшін күресетініңізді білуіңіз қажет.

Сәбит Мұқанов, «Мөлдір махаббат»

Нағыз адам болу үшін өзін, өзінің жақындарын ғана сүю жеткіліксіз, міндетті шарты – барлық адамзатты сүюі тиіс.

Мағжан Жұмабаев