ІС-ШАРАЛАР

Неміс құқығы бойынша ІІІ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП

2022 жылдың 5-9 қыркүйегі арасында неміс құқығы бойынша үшінші Жазғы мектеп өткізілді (алғашқы екеуі 2020 жыл мен 2021 жылы өткізілген). М. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университетіндегі Неміс құқығы орталығы ұйытқы болған бұл онлайн іс-шара «Германия-Қазақстан Заңгерлерінің Қауымдастығы» коммерциялық емес ұйымының, GIZ (Халықаралық Ынтымақтастық бойынша Германиялық Қоғам) және DAAD (Академиялық Алмасулар бойынша Германиялық Қызмет) қолдауымен өткізіліп, биыл неміс коммерциялық және корпоративтік құқығына арналды. Дүйсенбіден жұмаға дейінгі бір апта бойы әрбір күні 1 сағаттық дәріс және 15 минуттық талқылау нысанындағы үш іс-шара өткізіліп отырды. Неміс коммерциялық және корпоративтік құқығының басты ерекшеліктері орыс тілінде талқыланды. Zoom платформасында онлайн нысанында өткізілген іс-шара туралы қосымша ақпаратты Сіз мына жерден таба аласыз.

Бағдарлама

Das Programm der Veranstaltung, die über Zoom und in russischer Sprache durchgeführt wird, finden Sie hier: