БІЛУ. ТҮСІНУ. ҚОЛДАНУ.
Германия-Қазақстан Заңгерлерінің Қауымдастығы
DKJ / ГҚЗҚ
Біздің жарғы
- Жалпы жиналыс пен Басқарма Қауымдастық органдары болып табылады.
§1
Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны және заңи мекен-жайы
- Қауымдастықтың атауы — «Германия-Қазақстан Заңгерлерінің Қауымдастығы е.V.».
- Бұл Кёльн қаласы қауымдастықтарының тіркелімінде тіркелген коммерциялық емес қауымдастық болып табылады.
- Қауымдастықтың заңи мекен-жайы – Кёльн қаласы.
§2
Мақсаты
- Қауымдастық экономикалық мақсаттарды көздемейді; қауымдастық бірінші кезекте, шаруашылық есептік мақсаттарды көздемейді. Қауымдастық Салық кодексінің «Салықтық жеңілдіктерді қолданатын мақсаттар» тарауындағы коммерциялық емес мақсаттарды ғана көздейді. Ғылымға және зерттеулерге, халықты ағарту және кәсіби білім беруге, сондай-ақ халықтар арасындағы өзара түсіністіктің орнығуына қолғабыс болу қауымдастықтың мақсаты болып табылады.
- Қауымдастық қазақстандық және германдық құқық бойынша өзара тәжірибе алмасу форумын ұсынады. Мақсаты: Қазақстан мен Германияның қолданыстағы құқығы жайлы білімді тереңдету, сондай-ақ қос құқықтық жүйені жетілдіру; қос елдің заңгерлері мен құқыққа қызығатын тұлғаларының арасындағы диалогқа мұрындық болу, сондай-ақ салыстырмалы-құқықтық жұмыстарды ынталандыру және қолдау.
- Бұл жарғылық мақсат келесідей жолдармен жүзеге асырылады, атап айтқанда:
• қазақстандық құқықтың сауалдары, сондай-ақ германиялық-қазақстандық құқықтық қатынастар және салыстырмалы құқық сауалдары бойынша ғылыми немесе тәжірибелік іс-шаралар өткізу;
• қолданыстағы құқықтық жүйелер мен сот практикасы, оларды әрі қарай дамыту сауалдары бойынша пікір алмасу мақсатында ең алдымен, Германия және Қазақстанның заңгерлеріне және құқыққа қызығатын тұлғаларына қос және көп тарапты мәжілістер, конференциялар мен семинарлар өткізу;
• Қауымдастық мүшелерінің аймақтық кездесулерін жүйелі өткізу;
• ғылыми және тәжірибелік баяндамаларды жариялау;
• қос ел заңгерлерінің әріптестігіне, сондай-ақ ғылыми жұмыстарға қолдау білдіру;
• заң жобаларына қатысты ұсыныстар бойынша бірлескен жұмыстар жүргізу. - Егер бұл мақсаттарға жетуге септігін тигізсе, Қауымдастық өзге де бірлестіктерге, ұйымдарға, қауымдастықтарға және қоғамдарға қосыла алады.
- Қауымдастық Қазақстанда офис немесе филиал құра алады.
§3
Қауымдастық мүшелері
- Қауымдастық қатардағы және мәртебелі мүшелерден тұрады.
- Қауымдастықтың қатардағы мүшелері болып оның мақсаттарымен келіскен жеке тұлғалар бола алады.
- «Қауымдастықтың мәртебелі мүшесі» атағын беру туралы шешімді Басқарманың үсынысы бойынша Жалпы жиналыс қабылдайды.
§4
Мүшеліктің басталуы және аяқталуы
- Қауымдастыққа қабылдау туралы шешімді жазбаша өтініштің негізінде Басқарма қабылдайды.
- Қауымдастық құрамынан шығу туралы жазбаша берілетін өтініштің негізінде Қауымдастық мүшелігі тоқтатылады. Қауымдастықтан шығу әрбір күнтізбелік жылдың соңында жүргізіледі және мүшеліктен шығу туралы өтінішті Басқарма жыл соңына дейін алуы тиіс, — егер, мүше §6 орай алынатын жыл сайынғы мүшелік жарнаны тіпті, үш реттік (жазбаша нысанда немесе электронды почта арқылы) ескертуден кейін де төлемеген болса. Осы тармақшаға сәйкес Басқарма мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылдаған сәттен бастап мүшіліктің аяқталғандығы туралы ереже күшіне енеді. Қауымдастық мүддесі бұзылған ретте мүшелікті тоқтату туралы шешімді Басқарма мүшелігі тоқтатылғалы жатқан тұлғаны тыңдап барып ғана шешім қабылдайды. Бұл тұлға Жалпы жиналыстың шешімін талап етуі мүмкін. Бұл ретте мүшелікте қалдыру туралы шешім жәй көпшілік дауыспен қабылданады. Жеке тұлғалардың мүшелігі қайтыс болуымен, ал заңды тұлғалардың мүшелігі таратылуымен тоқтатылуы мүмкін.
§5
Қаржылық жыл
Das Geschäftsjahr des Vereins ist das Kalenderjahr.
§6
Жыл сайынғы жарна және қаражатты пайдалану
- Қауымдастық өз қызметін мүшелерінің жарнасы және қайырмалдылық есебінен қаржыландырады. Қауымдастық қаражаты тек жарғылық мақсаттарға ғана қолданылуы мүмкін. Қауымдастық мүшелері Қауымдастық қаражатынан ақшалай дотация алмайды; бұл қағида сондай-ақ Басқарма қызметіне де таралады. Олар Қауымдастықтан шыққанда не Қауымдастық таратылғанда немесе ыдырағанда Қауымдастық мүлкінен үлес алуға құқылы болмайды. Қауымдастық мақсаттарына қайшы келетін болса, қандай да бір тұлғаларды төлемдер не негізсіз жоғары сыйақы арқылы марапаттауға болмайды.
- Қауымдастықтың қатардағы мүшелері жылдық жарна төлеуге міндетті. Жарна қаржылық жылдың басында төленуі тиіс. Айрықша жағдайларда Басқарма жарнаны төлеу мерзімін шегере не азайта алады немесе жарнаны жинаудан бас тарта алады. Мәртебелі мүшелер жарна төлеу міндетінен босатылады. Жарнаның мөлшері жайлы шешімді Басқарманың ұсынысы бойынша Жалпы жиналыс қабылдайды.
- Жалпы жиналыс сонымен бірге, жаңа мүшелер үшін қабылдау жарнасының мөлшері және оны төлеу туралы шешім қабылдай алады.
§7
Органдары
- Жалпы жиналыс пен Басқарма Қауымдастық органдары болып табылады.
- Басқарма төрағадан, оның орынбасарынан, есепшіден, іс жүргізушіден, сондай-ақ кемінде тағы бір мүшеден тұрады. Басқарманың әрбір мүшесі Қауымдастықтың мүддесін жеке-дара сотта және соттан тыс орындарда білдіре алады.
- Басқарма не жеке-дара не жалпылай алғанда барлығы Жалпы жиналыспен екі жылға сайланады; бұдан кейін Басқарма жаңа Басқарманы сайлағанға дейін өз лауазымында қала тұрады. Қайта сайлануы мүмкін.
- Басқарма Қауымдастықтың істерін Жалпы жиналыстың шешімдері негізінде жүргізеді. Ол ішкі регаментті белгілей алады. Басқарма атап айтқанда, Қауымдастықтың бюджетін жоспарлайды, қаражатты пайдалану туралы шешім қабылдайды, Қауымдастықтың активтерін басқарады, Жалпы жиналыстың шешімдерін орындайды, мүшелер реестрін жүргізіп, жаңа мүшелерді қабылдайды.
- Басқарма мәжілісі Басқарма мүшелерінің бірінің өтініші бойынша шақырылады. Басқарма өз шешімдерін мәжіліске қатысып отырған мүшелердің көпшілік даусымен қабылдайды. Басқарманың кемінде үш мүшесі мәжіліске қатысса кворум бар деп есептеледі. Осы тармақтың ережелеріне, 1-3 сөйлемдерге сәйкес Басқарма мәжілістері қашықтықтан да немесе электронды түрде (мысалы, видеоконференция көмегімен) де өткізілуі де мүмкін. Жазбаша шешімді қабылдаған ретте мүшелердің жартысынан көбінің келісімі талап етіледі.
- Қауымдастық Консультативті кеңес құра алады. Мұны құру туралы шешімді Жалпы жиналыс қабылдайды. Консультативті органның алдына Қауымдастық органдарына қолғабыс көрсету және кеңес беру міндеті қойылады. Консультативті кеңестің қызметі ерікті болып табылады. Консультативті кеңес мүшелері лауазымдарына Басқарма төрағасының ұсынысы бойынша Жалпы жиналыс тарапынан үш жылға сайланады. Консультативті кеңес өз ішкі ережесін белгілеуге құқылы.
- Кезекті Жалпы жиналыс жыл сайын өткізілуі тиіс. Жиналысты шақыру Басқарма төрағасы, егер ол болмаған ретте Басқарманың өзге мүшесі тарапынан төрт апталық мерзімді және күн тәртібіндегі сауалдарды мәтін түрінде көрсету талабын сақтай отырып жүргізілді. Жалпы жиналысты басқарма Төрағасы, егер ол болмаған ретте Басқарманың өзге мүшесі басқарады. Жалпы жиналыс мүмкіндігінше, кәсіби іс-шараларға байланысты болуы тиіс. Жалпы жиналыстың кезектен тыс мәжілісі Басқарма Төрағасының бастамасымен шақырылады. Егер, мүшелердің үштен бірі оны өткізу себептері мен мақсатын көрсете отырып жазбаша өтініш берген болса, Жалпы жиналыс шақырылады.
- Жалпы жиналыста әрбір мүшенің бір даусы болады. Жалпы жиналыс өз шешімдерін жәй көпшілік дауыспен қабылдайды; өзі қатыспаған жеке тұлғалар өкіл арқылы қатыса алмайды. Жасырын дауыс беру ниеті білдірілген жағдайларды қоспағанда, дауыс беру ашық жүргізіледі. Жарғыға түзетулер енгізу үшін төрттен үш басым дауыс талап етіледі. Жалпы жиналыстың шешімі Жиналыс төрағасы мен Басқарманың өзге мүшелері қол қоятын хаттамада бекітіледі.
§8
Қауымдастықтың таратылуы
- Қатысушылардың үштен екісі таратуға дауыс берген ретте Қауымдастық Жалпы Жиналыстың шешімі негізінде таратылуы мүмкін.
- Қауымдастық қызметі тоқтатылғанда немесе таратылғанда сондай-ақ салық салуда жеңілдіктер тоқтатылғанда осы Жарғыда бекітілген кәсіби білім беру мен халықты ағарту мақсаттарына қолданылуы үшін Қауымдастық активтері мемлекеттік ұйымдарға немесе жеңілдігі бар салық төлеуші деп танылған ұйымдарға өтеді. Активті алушыны 1 бөлікке сәйкес резолюция қабылдау арқылы Жалпы жиналыс анықтайды.