ІС-ШАРАЛАР

Банкроттық туралы заңнама

Жұма күндері, 2022 жылдың 29 сәуірі және 2022 жылдың 6 мамыры, онлайн режимде «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы Неміс Құқығы жеке тұлғалардың төлем қабілетсіздігі мәселелерін реттестіру үлгісі ретінде» тақырыбында іс-шара өткізілді. Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы сауалдарын реттейтін заң актісін қабылдау қарастырылып жатқандықтан, неміс ЖОО оқытушылары, судьялары мен адвокаттары Қазақстанның ынталы сарапшылар қауымдастығына Германиядағы құқықтық жағдайды, өз тәжірибелері мен ұсыныстарын жеткізді. Келесідей тұлғалар өз баяндамаларын жасады: Мартин Аренс (Гёттинген қаласындағы Георг Август университетінің профессоры, доктор), Клаудия Р. Чимутта (доктор, адвокат),
Кай Хеннинг (жеке тұлғалардың банкроттығы туралы құқық бойынша адвокат-маман), Петер Ларош (доктор, Кёльн қаласындағы бірінші сатыдағы соттың судьясы, банкроттық сауалдарымен айналысатын бөлімнің басшысы), Стефан Мадаус (профессор, доктор, Мартин Лютер Университеті, Галле/Виттенберг қаласы) және Герхард Папе (профессор, доктор, Федеральдық соттың зейнеттегі судьясы). Қатысушылар арасында ҚР Мәжілісінің депутаттары, ҚР Әділет Министрлігінің қызметкерлері, ҚР Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институтының» қызметкерлері болды. Іс-шараға сондай-ақ ЖОО оқытушылары, студенттері және заңгерлер қатысты. Іс-шараны Германия-Қазақстан Заңгерлерінің Қауымдастығы және М. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университетіндегі Неміс құқығы орталығы ұйытқы болып IRZ (Құқықтық әріптестік бойынша неміс халықаралық қоры) коммерциялық емес ұйымының қолдауымен өткізілді.

Бағдарлама

Іс-шараның неміс және орыс тілдеріндегі бағдарламасын және баяндамашылардың презентацияларын осы жерден қарай аласыз: